Асыл айым (текст)

Шуағым, ақ айдыным, атқан таңым,
Өзіңе арналады салған әнім.
Өшпестей өміріме көрік берген,
Өзіңмен алауланып жанар бағым.
Үніңді естігенде кетем жырлап,
Билетіп көңіліме көңілді ырғақ.
Іңкәрім саған деген арта түсіп,
Кетеді жан дүнием сені тыңдап.
Жететін мақсат-мұрат тілегіме,
Кездессек махаббаттың жыр елінде.
Бағыма, арманыма алып ұшқан,
Ризамын сені сүйген жүрегіме.

 

Сөзі: Құдайберген Қазыбеков

Әні: Сейітқали Қайырғалиев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: