Асыл арманым (текст)

Көзіңе қадаламын
Күн нұрына балаймын
Өзіңнен нәр аламын
Шұғылаң боп тараймын
Бұбұлымсың
Қыр гүлімсің
Арайлым
Келші, сәулем
Менің асыл арманым
Саған деген
Жүрек жырын арнадым
Қашанда мен жүремін
Жақындасаң жалын боп
Ерекше елжіредің
Тамылжыған таңым боп
Қалықтадың
Шарықтадың
Әнім боп
Келші, сәулем
Менің асыл арманым
Саған деген
Жүрек жырын арнадым
Күлкің — күй, көңіл назы
Махаббатым, маржаным
Өзіңсің өмір жазы
Нұрға толы жан-жағым
Бақытымсың
Шабытымсың
Жан-жарым!
Келші, сәулем
Менің асыл арманым
Саған деген
Жүрек жырын арнадым.

 

Сөзі: А.Асылбеков

Әні: М.Өзбеков

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: