Көкше қоян қашады өзекпенен, оу,
Сөз сөйлегім келеді кезкпенен, оу.
Асының салқын жайлау(ы)-ай,
Өмірдің бар ма байлау(ы)-ай.
Жай білмейтін жаман мен жолдас болсаң, оу,
Соңын күтпей сөзіңнің безектеген, оу.
Асының салқын жайлау(ы)-ай,
Өмірдің бар ма байлау(ы)-ай.
Жақсылардың жауабы неткен артық, оу,
Сөйлеседі астыртын кезекпенен, оу.
Асының салқын жайлау(ы)-ай,
Өмірдің бар ма байлау(ы)-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: