Атамекен (текст)

Кең далам!
Толғанайын, толғайын.
Домбырам!
Қолға алайын, жырлайын.
Қазағымның даласындай,
Көзімнің қарасындай,
Айналдым сенен, Атамекен-ай!
Теңіздей
Тебірендім, тербедің.
Сапарда
Сағынышым сен менің.
Дүние сырларындай,
Мөлдіреп тұрғанындай,
Сағындым сенен, Атамекен-ай!
Сағыныш мұңдарындай,
Айналдым сенен, Атамекен-ай!

Қайырмасы:
Бақыт тұнған күндер-ай!
Жұлдыз тамған түндер-ай!
Өзің куә өмірде,
Кімдер өтті,
Кімдер-ай!
Атамекен-ай!

Ғажап-ау,
Атамекен ғаламат!
Бір саған
Тағдырымыз аманат.
Қымбатты – даламыздай,
Сымбатты – анамыздай,
Айналдым сенен, Атамекен-ай!
Арымдай – тірегімдей,
Жанымдай – жүрегімдей,
Айналдым сенен, Атамекен-ай!

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы: Роза Рымбаева

Видеоға сілтеме: