Ауылым-әнім (текст)

Қайда жүрсем туған жерім
Сен есімнен шығармысың
Жастық дәурен құрған жерім
Көз алдымда тұрармысың
Ғашық едім қыр гүліне
Қызық тойым сенде өтеді
Сенде өткізген бір күніме
Дүниеде не жетеді
Сүйем таныс жолдарыңды
Саған бастап әкелетін
Сүйем жасыл талдарыңды
Жаңға ләззат әперетін
Сүйем айна көлдеріңді
Мөлдіреумен қарайтұғын
Сүйем белес белдеріңді
Таң сәулесі тарайтұғын
Саған жырдан сый арнағам
Қиял құсын қуған жерім
Туған жерін сүйе алмаған
Сүйе алар ма туған елін
Ауылымнан аттнар да
Алтын аймақ ән салады
Жол тынымсыз тартқан алға
Жүрегімді нұр шалады.

 

Сөзі: Б.Тәжібаев

Әні: Е.Хасанғалиев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: