Ауылыңды-ай (текст)

Болғанда-ау үркер алтау ай қашады,
Жарлыдан жаздыгүні бай қашады, ауылыңд(ы)-ай.
Сөйлессең-ау жақсыменен көңіл ашар,
Жаманның сөзі құрсын, дауласады, ауылыңд(ы)-ай.

Болғанда-ау, жусан деймін, жусан деймін,
Белімді жусанменен бусам деймін, ауылыңд(ы)-ай.
Шын болса-ау мына айтқаның, құрбыласым,
Артыңнан қос ат мініп қусам деймін, ауылыңд(ы)-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: