Аяулы ақ сұңқарым (текст)

Көгеріп көрінбейді айна көлім,
Көктем де желпімейді майда лебін.
Ағарып атқан таңдай қарсы алатын,
Аяулы ақ сұңқарым қайда менің.

Күн сайын қарсы аламын таң арайын,
Қалқамның алма бағын аралаймын.
Сыбырлап сыр айтпайды сұлу емен,
Мүлгиді тасаланып бала қайың.

Ақ жүзін көрмегелі айлар өтті,
Көктем де, желпімейді майда лепті.
Алтын ай, сыбырлашы сағындым ғой,
Аяулы ақ сұңқарым қайда кетті.

 

Сөзі: Сағи Жиенбаев

Әні: Күнсайын Қуатбаев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: