Ақбөкен (текст)

Детімді менің қозғама,
Онсыз да ғұмыр азғана.
Айта алмай кеткен сырың бар,
Жадырап тұрған жазға да.
Адасып жүрген ақбөкен, ақ бөкен!
Қай жаққа ауып барасың,
Қай жақтан пана табасың?
Өзегі өксік дүние-ай,
Өртеніп, күйіп-жанасың!
Асарсың шаршап сан қырдан,
Ақ боран шығар алдыңнан.
Қорғансыз болып туған соң,
Жақсылық күтпе тағдырдан.
Адасып жүрген ақбөкен, ақ бөкен!
Қай жаққа ауып барасың,
Қай жақтан пана табасың?
Өзегі өксік дүние-ай,
Өртеніп, күйіп-жанасың!
Шексіз ғой мынау қара жер,
Өзіңді өзің пана көр.
Ажалдан қашқан тіршілік,
Сағымдай заулап аға бер!
Адасып жүрген ақбөкен, ақ бөкен!
Қай жаққа ауып барасың,
Қай жақтан пана табасың?
Өзегі өксік дүние-ай,
Өртеніп, күйіп-жанасың!

 

Сөзі: Несіпбек Айтов

Әні: Жалғас Назаров

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: