Ақсеркеш (текст)

Бір атты сатып алдым елу беске,
Ертеңнен болдырмайды қара кешке.
Аралап неше дуан жүрсем-дағы,
Өзімдей жан салмайды Ақсеркешке.

Бәйгіден озып келген атты алайын,
Ер жігіт сынамай ма бақ-талайын.
Жиылып үлкен-кіші отырғанда,
Толқытыл «Ақсеркешке» мен салайын.