Ақтамақ қарлығаштар (текст)

Өмірдің бақтарында
Қарлығаштар қалықтайды
Көңілді шақтарында
Сайраңдаудан жалықпайды
Ақтамақ қарлығаштар
Қаракөз қарындастар
Күн болып көріндіңдер
Гүл болып өрілдіңдер
Бақыт боп жаралдыңдар
Ән болып таралдыңдар
Қаракөз қарындастар
Ақтамақ қарлығаштар
Көшеде бара жатсаң
Кезідегі қарсы алдыңнан
Қиылған қара қастар
Көркіменен тамсандырған
Ақтамақ қарлығаштар
Қаракөз қарындастар
Күн болып көріндіңдер
Гүл болып өрілдіңдер
Бақыт боп жаралдыңдар
Ән болып таралдыңдар
Қаракөз қарындастар
Ақтамақ қарлығаштар
Тұтатып үміттерді
Салқындықты жолатпайды
Қуантып жігіттерді
Бақыт болып қонақтайды
Ақтамақ қарлығаштар
Қаракөз қарындастар
Күн болып көріндіңдер
Гүл болып өрілдіңдер
Бақыт боп жаралдыңдар
Ән болып таралдыңдар
Қаракөз қарындастар
Ақтамақ қарлығаштар.

 

Сөзі: А.Асылбеков

Әні: М.Өзбеков

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: