Ақторғын (текст)

Атыңнан айналайын Ақторғын-ау
Есімнен кетпей қойды-ау қамқор үнің
Алыстан аңсап шаршап келгенімде
Алдымнан күліп ойнап шіркін-ай
Шығып тұрғын-ай
Алыстан аңсап шаршап келгенімде
Алдымнан күліп ойнап шіркін-ай
Шығып тұрғын-ай
Ақторғын жүрегімді баурадың ғой
Көңілімді азырақ күн ауладың ғой
Күндізде көз алдымда елес болып
Жаталмай төсегімде шіркін-ай
Аунадым-ғой ай
Күндізде көз алдымда елес болып
Жаталмай төсегімде шіркін-ай
Аунадым-ғой ай
Ақторғын мойыныңды бұрмай кеттің
Мен сені кетерімде қимай кеттім
Аяулы алақанда жүрер едің
Қайтейін құшағыма шіркін-ай
Сыймай кеттің-ай
Аяулы алақанда жүрер едің
Қайтейін құшағыма шіркін-ай
Сыймай кеттің-ай
Шіркін-ай сыймай кеттің-ай.

 

Сөзі: С.Бәкіров

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: