Ақ бантик (текст)

Балауса қыз едің бір кезде
Шашыңа ақ бантик байлаған
Өзгеріп кетіпсің бұл күнде
Көркіңе көз тастап ойланам
Нұрлы бейнең қандай жарқын
Арманысың қандай жанның
Шынарым-ай
Сен, мөлдірсің, еркем
Тау бұлағындай
Жол жатыр шақырып алдыңда
Өмір тұр ұсынып шаттығын
Білмеймін ержетіп қалдың ба
Шашыңда ақ бантик жоқ бүгін
Нұрлы бейнең қандай жарқын
Арманысың қандай жанның
Шынарым-ай
Сен, мөлдірсің, еркем
Тау бұлағындай
Жылдардың еркіне бағындың
Жылдарға қол создың жан құрбым
Белгісін балалық шағыңның
Айтшы сен қай жерде қалдырдың?
Нұрлы бейнең қандай жарқын
Арманысың қандай жанның
Шынарым-ай
Сен, мөлдірсің, еркем
Тау бұлағындай

 

Сөзі: М.Шаханов

Әні: Ш.Қалдаяқов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: