Ақ дегелек (текст)

Ақ дегелек — аппақ қана аруым,
Әсем еді баптап қанат қағуың.
Жақсылықтың, жақсы үміттің құсы деп,
Ардақтайтын сені бүкіл ауылым.
Ақ дегелек, таранушы ең паңдана,
Сымбатыңа қараушы едім таңдана.
Жылы ұяңды, бізді тастап бір күні,
Кеттің ұшып, мекенің боп маң дала.
Ақ дегелек — сағынышым, сұлуым,
Суытпашы жүрегіңнің жылуын.
Туған жерден қанша алыстап кетсең де,
Керек-ақ қой мойынды бір бұруың.

 

Сөзі: А. Асылбеков

Әні: А. Қоразбаев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: