Ақ жайлақ пен сұр жайлақ (текст)

Сүйген жардың алдынан жарқылдайын-ей,
Өле-өлгенше көңіліңді қалдырмайын-ей,
Өзің көңіл бергенде, әттең, қалқамай-ей,
Бір өзіңе ерттеулі атым дайын-ай.

Ақ жайлақ пен сұр жайлақ,
Мен сағындым сізді ойлап.

Өрмегейті, Қара көл жердің туы-ай,
Алтын бұлақ секілді аққан суы-ай.
Ән дауысын сағынып жүргенімде-ей,
Қай жеріңнен келеді әннің туы-ай.

Ақ жайлақ пен сұр жайлақ,
Мен сағындым сізді ойлап.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: