Су ағады арықтан шыр айналып-ей,
Өлмегенге мал бітер бір айналып-ей.
Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел.
Оралыңның барында ойна да күл-ей,
Кім бар, кім жоқ көргенше жыл айналып-ей.
Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел
Аулым көшіп барады сарымсаққа-ей,
Қой айдаттым базарға алымсаққа-ей.
Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел
Аулың алыс кеткенде, ей қалқатай-ей,
Шықпайды екен шыбын жан сағынсақ та-ей.
Ақ жайқын көл,
Жайлайды-ау, біздің ел
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: