Көк майса Алатаудың бөктерінде
Гүл тердік жастық шақтың көктемінде
Алдымнан арманымдай жарқ етіп ең
Қолымды жеткізгендей көкте күнге
Айналдым, ақмаңдайлым
Ақылдым, бал таңдайлым
Жалынды жас дәуренде
Ұялма, жан сәулем де
Жақсылықтың жоқ, сәулем, ерте-кеші
Жадырашы, назданшы, еркелеші
‘Сен’ деген ыстық сөзің артық еді
Өзіңе іштей мені тартып еді
Өзгеге өзі қимас өр көңілім
Лебіңмен қорғасындай балқып еді
Айналдым, ақмаңдайлым
Ақылдым, бал таңдайлым
Жалынды жас дәуренде
Ұялма, жан сәулем де
Жақсылықтың жоқ, сәулем, ерте-кеші
Жадырашы, назданшы, еркелеші
‘Сен’ деген ыстық сөзің артық еді
Өзіңе іштей мені тартып еді
‘Сіз’ деген салқын сөзден қорқамын ғой
‘Сен’ десең көңіл қайта шалқыр еді
Айналдым, ақмаңдайлым
Ақылдым, бал таңдайлым
Жалынды жас дәуренде
Ұялма, жан сәулем де
Жақсылықтың жоқ, сәулем, ерте-кеші
Жадырашы, назданшы, еркелеші.
Сөзі: М.Әлімбаев
Әні: Ш.Қалдаяқов
Орындаушы: