Ақ сиса (текст)

Ақ сиса, қызыл сиса, сиса-сиса,
Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса.
Шорманның Мұстафасы атымды алып,
Атандым сол себептен Жаяу Мұса.

Ақ сиса, қызыл сиса, сиса-сиса,
Жүрмейді кімдер жаяу зорлық қылса.
Байлары орыс-қазақ қашқын дейді,
Көрер ем қашқындықты күнім туса.

Үш жүзге атым мәлім Жаяу Мұса,
Жүрмейді кімдер жаяу зорлық қылса.
Аттыдан жаяу жүріп кек аламын,
Жігіттер, шамаң келсе, маған ұқса.

Сөзі: Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929)

Әні: Жаяу Мұса

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=PgZcvh3lX0I