Аңсағаным, Аралым (текст)

Ақ жал атып толқыған,
Айбын қайда, Аралым?
Ақ шағала қалқыған,
Айдын қайда, Аралым?

Аралдың салқын самалын,
Аңсаумен жырға қосамын.
Азайған сенің арнаңа,
Араша болсын осы әнім.

Алқабында Әму — Сыр,
Арман болған, Аралым.
Алып қалар кәміл бір,
Амал бар ма, Аралым?

Адам барда өмірде,
Ақ ниетпен алаңдар.
Ажар берген өңірге,
Айдын шалқар Арал бар.

 

Сөзі: Ағзамхан Егембаев

Әні: Ағзамхан Егембаев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: