Аңсағаным (текст)

Айтшы, жаным, қайда жүрсің, қайда?
Шақырады арман ару — май да
Қызғалдақты көктемім боп жайна
Аңсағаным
Өзің деп білем
Өмірімнің гүлі
Асқарымда
Өзің деп білем
Көңілімнің күні
Аспанымда
Ақ дидарың ұқсап туған айға
Келші, құрбым, құшағыңды жай да
Жыр бағымда бұлбұлым боп сайра
Аңсағаным
‘Асыл арман’ деп шырқалды әнің
Арманыңның сезіп жүрмін бәрін
Арайланып атар алтын таңың
Аңсағаным
Өзің деп білем
Өмірімнің гүлі
Асқарымда
Өзің деп білем
Көңілімнің күні
Жас жанымда
Ғашық сырын ұқпайсың ғой, жаным
Кеудемде бір алаулайды жалын
Бір өзіңе арналады әнім
Аңсағаным.

 

Сөзі: А.Асылбеков

Әні: Е.Хасанғалиев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: