А, қалқа-ау (текст)

А, қалқа-ау,
Ғашық болдым әуел баста,
Ғашық оты мағұлым
А, қалқа-ау, кәрі-жасқа.

Әйи-яю,
Әйи-яю-ай,
Бірге өстім кішкентайдан біте қайнап.

Көңіліңде бар ма уәде,
А, қалқа-ау, менен басқа?

Әйи-яю,
Әйи-яю-ай,
Бірге өстім кішкентайдан біте қайнап.

Әріптес, сен дегенде қуанамын,
Еңкейіп жез шәйнекпен су аламын.

Әйи-яю,
Әйи-яю-ай,
Бірге өстім кішкентайдан біте қайнап.

Кеткенде ауылың алыс, ей қарағым,
Мойнында асасы жоқ дуанамын.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: