Байқоңыр (текст)

Арайлы аңсаған асыл армандарымдай
Әлемге аян Байқоңыр
Алатау, Алтайдың жасыл ормандарындай
Кең далам менің — жайлы өңір
Саяңда Байқоңыр
Құлашын жайды өмір
Жүзіңді самал боп аймалайын
Космостың заманы
Дәуірдің жаңа әні
Қазақтың жерінен айналайын
Аттанған аспанға қыран отандастарым
Қиянға самғап жол салған
Өздері ұшырып менің шопан достарым
Осында қайта қарсы алған
Саяңда Байқоңыр
Құлашын жайды өмір
Жүзіңді самал боп аймалайын
Космостың заманы
Дәуірдің жаңа әні
Қазақтың жерінен айналайын
Бұл жерді жайлаған менің абзал достарым
Бойында толы жақсы арман
Еңбектің, ерліктің айтып алғаш дастанын
Достықтың әні басталған
Саяңда Байқоңыр
Құлашын жайды өмір
Жүзіңді самал боп аймалайын
Космостың заманы
Дәуірдің жаңа әні
Қазақтың жерінен айналайын

 

Сөзі: Н.Әлімқұлов

Әні: Ш.Қалдаяқов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: