Бала күнде жүруші ем байпақ киіп-ай,
Бармағымды ұрып ап шөп-шөп сүйіп.
Еу-айдай.
Шөгір кірген өкшені көтеріп ап,
Май табанмен жүгірдім тоқ-тоқ түйіп.
Еу-айдай.
Жалпақ тасты дөңгелек соғып алып,
Ат шаптырып ойнадық айғай салып.
Еу-айдай.
Аунап-аунап жылаушы ек домаланып,
Шошақ тасқа башпайды соғып алып.
Еу-айдай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: