Ботам бөбегім бүлдіршінімсің,
Жарған кеудемде гүл бүршігімсің.
Еркем, жалғасы өмір жырымның,
Ертең шертілер, мың бір сырымсың.
Өзіңмен жайнап кемелденемін,
Қосар бәйгеге өнерлеп елің.
Сыңғырлап күлген сәби кезіңнің,
Ізін ботам-ау сеннен көремін.
Бағым балапанымсың, атқан дара таңымсың.
Созса қол жетпес заңғар, асқар Алатауымсың
Мақтан тұтатын, Мұрагерімсің,
Топтан озатын, Құлагерімсің.
Тап-таза жаны мөлдір бұлақтай,
Мақтаса тұрар бұла керімсің.
Жадыра жаным, жасқанбағайсың,
Таң болып күнім, ашқан дара айсың.
Басқалар үшін болсаңда оңай,
Мен үшін жұлдыз аспандағы айсың.
Сөзі: Н. Өнербаев
Әні:
Орындаушы: