Сылдыр-сылдыр сылдырап,
Мөлдір бұлақ ағады.
Былдыр-былдыр бал құрақ,
Көмкереді жағаны.
Балғын-балғын балалар,
Саялайды құрақта.
Отырады жағада,
Шомылады бұлаққа.
Күнде келіп апам да,
Мөлдіреген су алып.
Тұнығынан шопан да,
Тұрады қой суарып.
Түрлі-түрлі, не түрлі,
Бар-ау қызық мінезі.
Еліктейтін секілді
Адамға да бұл өзі.
Тайызынан су алса,
Лайлана қалады.
Тереңінен су алса,
Күлім-күлім қағады.
Сөзі: М. Жаманбалиев
Әні: Н. Дүкенбай
Орындаушы: