Балқадиша текст

Балқадиша текст — 1 нұсқа

Қызы едің, Ыбырайдың Балқадиша,
Бұралған белің нәзік, о-шіркін, тал Қадиша!
Сексен қыз, серуенге шықса дағы,
Ішінде шолпан жұлдыз, жарығым, сен Қадиша!

Бұраңда, асау тайдай жүрген басың,
Қаларсың біздің сөзге-ай,
Қарағым, зар Қадиша оу!
Бір емес, екі-ай жеңгең келіп отыр,
Рұқсат бізден сізге, жанарым, бар Қадиша!

Дегенде Балқадиша, Балқадиша,
Күйеуің сексен бесте, о-шіркін, шал Қадиша!
«Кетті» деп Балқадиша естігенде-ей,
Талында Жыландының құшақтап қара жерді,
Еңіреп, жылағаным-ау, жан Қадиша!

Балқадиша текст

Балқадиша текст 2-ші нұсқа

Қызы едің Ыбыкеңнің, Балқадиша,
Бұралған белің нәзік тал – Қадиша.
Жиылған осы тойға қалың қыздың,
Ішінде қара басың – хан, Қадиша.

Қызы едің Ыбырайдың, Балқадиша,
Боларсың біздің сөзге зар, Қадиша.
Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың,
Боласың қандай жанға жар, Қадиша.

Қызы едің Ыбырайдың, Балқадиша,
Өзенді өрлей біткен тал, Қадиша.
Бір түгіл екі жеңгең келіп тұр ғой,
Рұқсат бізден сізге бар, Қадиша.

Сөзі: Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы (1843-1913)

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=085STmYq6Cw