Бағалайық бақытты (текст)

Балғын дәурен, балауса кезің қандай,
Гүл бағында балқиды сезім балдай.
Құрбым, осы бақытты сезіне алмай,
Кейін налып жүрмейік, кезіге алмай.
Жүрегімде махаббат ән тербейтін,
Бағалайық бақытты, жан тербейтін.
Мұңға батып қалмасын, көңіл бекер,
Оралмайды, жан құрбым, өмір өтер.
Ешкім бізге, аяулым, бал ашпайды,
Қалауына жүректің таласпайды.
Жүрегімен таңдаған адаспайды,
Ешкімге де жалғыздық жараспайды.
Жүрегімде махаббат ән тербейтін,
Бағалайық бақытты, жан тербейтін.
Мұңға батып қалмасын, көңіл бекер,
Оралмайды, жан құрбым, өмір өтер.
Арманның мекені алыстап кетеді,
Жастығың өтеді қас қағымда…
Бақ нұры таймасын, көңілің сайрасын,
Өмірің жайнасын жас шағыңда.
Жүрегімде махаббат ән тербейтін,
Бағалайық бақытты, жан тербейтін.
Мұңға батып қалмасын, көңіл бекер,
Оралмайды, жан құрбым, өмір өтер.

 

Сөзі: Қ. Жүнісов

Әні: Б. Жолдасқызы

Орындаушы: «Аламан» тобы

Видеоға сілтеме: