Бақытыңды жырлайды (текст)

Жыламашы шырағым
Күңіренген қобыздың
Бұрамашы құлағын
Ұмыт бола мына күн
Сейледі мұнарың
Жыламашы шырағым
Шашыратып шуағын
Мен білемін мына күн
Шұғыламен тынарын
Шаттық пенен қуаныш
Өкініш пен мұң-қайғы
Өмірбақи тұрмаймын
Алма-кезек зулайды
Жыла жаным жылай бер
Мен де мәңгі тұрмаймын
Зарыңды кім тыңдайды
Ертең келіп басқа жан
Бақытыңды жырлайды
Атанады мына күн
Ашылады аспаның
Шашылады аспанға
Сенің жақұт тастарың
Сонау алыс асқарға
Асылады шашбауың
Шашырайды басқа нүр
Қосылады бастарың
Шаттық пенен қуаныш
Өкініш пен мұң-қайғы
Өмірбақи тұрмаймын
Алма-кезек зулайды
Жыла жаным жылай бер
Мен де мәңгі тұрмаймын
Зарыңды кім тыңдайды
Ертең келіп басқа жан
Бақытыңды жырлайды
Жыла жаным жылай бер
Мен де мәңгі тұрмаймын
Зарыңды кім тыңдайды
Ертең келіп басқа жан
Бақытыңды жырлайды.

 

Сөзі: М.Мақатаев

Әні: Ә.Бушукова

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: