Бақытқа барар жолда (текст)

Ерке көктем қайтадан келді деп
Ерке желмен шаттығың желбіреп
Арманыңды аңсаумен жүрсің бе
Сағыныштан жанарың мөлдіреп
Бақытыңа аттанасың ба
Бақыт ұқсас ақ көкаршынға
Тек үркітіп алма
Өкініште қалма, қалқатай
Құшақ жайып келген көп күндерің
Келбетінен сыр оқып үлгердің
Шаттығыңды қалқам-ау, тағдырың
Маңдайына жазды екен кімдердің?
Бақытыңа аттанасың ба
Бақыт ұқсас ақ көкаршынға
Тек үркітіп алма
Өкініште қалма, қалқатай
Жарқын едің, жайдары, сындарлы
Ай дидарың неліктен мұңданды?
Неге қыз боп туылдың, айнам-ау
Бақытты ете алмасаң бір жанды?!
Бақытыңа аттанасың ба
Бақыт ұқсас ақ көкаршынға
Тек үркітіп алма
Өкініште қалма, қалқатай.

 

Сөзі: М.Шаханов

Әні: Д.Сүлеев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: