Бегім-ай

Есігімнің алдында жалғыз арша,
Көп қызыға қараймын бұған қанша.

Бегім-ай,
Туған айдай толықсып,
Қай жерде жүр теңім-ай?

Жақсы әуенің кетпейді құлағымнан,
Қайта сәулем, өзіңе жолыққанша.

Бегім-ай,
Туған айдай толықсып,
Қай жерде жүр теңім-ай?

Жыртық-бүтін – кигенім, жыртық-бүтін,
Жұлым үйден шығады қисық түтін.

Бегім-ай,
Туған айдай толықсып,
Қай жерде жүр теңім-ай?

Қайсыбірін айтайын арман қылып,
Сыртым бүтін болғанмен, ішім – түтін.

Бегім-ай,
Туған айдай толықсып,
Қай жерде жүр теңім-ай?

Қас сұлудың кірпігі жалтылдайды,
Білімдінің сөздері алтындай-ды

Бегім-ай,
Туған айдай толықсып,
Қай жерде жүр теңім-ай?

Қайсыбірін айтайын арман қылып,
Сені ойласам буыным қалтылдайды.

Бегім-ай,
Туған айдай толықсып,
Қай жерде жүр теңім-ай?

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: