Бейбітшілік туы берік қолда (текст)

Жер шарын мекендеген бүкіл халық
Біздің ел дәстүрінен қуат алып
Советтер Одағы боп сүйенері
Достығын Отанымның отыр танып
Барлық халық, бақыт үшін
Тартқан алға, алға!
Біздің ту — Совет туы, берік қолда
Партия қайда болса
Партия қайда болса — жеңіс сонда!
Жиһанға жат болсын деп соғыс аты
Сақтаулы қол қойылған ‘Әлем хаты’
Бала — жас, ана — жесір, әке — құрбан
Болсын деп жаралмаған адам заты
Барлық халық, бақыт үшін
Тартқан алға, алға!
Біздің ту — Совет туы, берік қолда
Партия қайда болса
Партия қайда болса — жеңіс сонда!
Отаным мәңгі бақыт шамын жаққан
Қуатым құмда суды толқындатқан
Біздің ел — еңбек елі шөл далаға
Жайқалта жапырағын бақ орнатқан
Барлық халық, бақыт үшін
Тартқан алға, алға!
Біздің ту — Совет туы, берік қолда
Партия қайда болса
Партия қайда болса — жеңіс сонда!

 

Сөзі: Н.Баймұхамедов

Әні: Е.Брусиловский

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: