Бекежанның әні (текст)

Көп болды көрмегелі, арма Жібек?
Отырсың кімді күтіп, жадап-жүдеп.
Шын сүйсе келер кезі болып па еді,
Жездейден хабар-ошар бар ма, Жібек?

Қасыңа ұялсам да келіп тұрмын,
Іштегі шығаруға тысқа дертті.
Жалынам, жалбарынам кешу сұрап,
Ерегіс қапылыс бір іс істетті.

Айттым ғой ерегіс бір іс істетті,
Түбіне Төлегеннің намыс жетті.
Алыста, жекпе-жекте айдалада,
Төлеген қайтпайтұғын сапар шекті.

Жол тосып Қособада жатып алдым,
Бір қуды мергендікпен атып алдым.
Болған соң өзім батыр кімді аяйын,
Өлтіріп Төлегеннің атын алдым.

Айттым ғой ерегіс бір іс істетті,
Түбіне Төлегеннің намыс жетті.
Алыста, жекпе-жекте айдалада,
Төлеген қайтпайтұғын сапар шекті.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: