О, шіркін бес қара кер, бес қара кер-ай,
Бес жүзік, бес білезік, бес танаң бер.
Берсең де оның бәрін мен алмаймын-ей,
Кеткенде алыс жерге еске ала жүр.
Бедел-ой
Су жағалай бітеді жалбыз деймін,
Су жағалап сырласар жанды іздеймін.
Ей, бедел-ой, бөпем-ай,
Сенсіз жүрген күніміз
Бекершілік екен-ай.
Алыс аулың кеткенде, қимас қалқа,
Жүре алмаймын елеңдеп жалғыз деймін.
Ей, бедел-ой, бөпем-ай,
Сенсіз жүрген күніміз
Бекершілік екен-ай.
Сен келгенде мен шат боп қуанамын,
Жез құмғанмен өзеннен су аламын.
Ей, бедел-ой, бөпем-ай,
Сенсіз жүрген күніміз
Бекершілік екен-ай.
Алыс аулың кеткенде, құрбыласым,
Асасы жоқ қолында дуанамын.
Ей, бедел-ой, бөпем-ай,
Сенсіз жүрген күніміз
Бекершілік екен-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: