Бикеш (текст)

Ауылдың көркі шынары
Алыстың көркі мұңары
Аққұдың көркі сыңары
Сыңарың қайда бикеш
Қабақта жалғыз болмайды
Қанатта жалғыз болмайды
Жанатта жалғыз болмайды
Сыңарың қайда бикеш
Халалалалау, халалалякуляй ляй
Қыздың көркі кигені
Жігіт көркі сүйгені
Ай, сүйген-ай
Айталмаймын именіп
Алсам деймін үйленіп
Ай, үйленіп
Шошынба құрбым шошынба
Дауылда жауын шашында
Болайын ылғи қасыңда
Болайын мәңгі серік
Қиямет қайым заманда
Қорқылмай ешбір жаманға
Қасында жүріп аманда
Болайын мәңгі серік.

 

Сөзі: Қ.Мырзалиев

Әні: А.Сағат

Орындаушы: Urker

Видеоға сілтеме: