Бозторғай (Жаяу Мұса, текст)

Омбыға шошынғаннан жаяу бардым,
Арада күн-түн жүріп, шаршап-талдым.
Киязьдің мен бұйрығын әкелсем де,
Пәлеге ашылмайтын тағы қалдым.

Қайырмасы:
Аспанда шырқар бозторғай.
Мұсаның әні осылай.
Әлдеқандай болды екен,
Біздің ауыл халдары-ай.

Әй, Мұса, сен бидайық, мен бір торғай,
Жүреміз тірі болсақ ойнай, ойнай.
Параңды мұнан былай тоқтат, Мұса,
Нашардың жон терісін іреп соймай.

Қайырмасы.