Біржан сал (текст)

Баласы Қожағұлдың Біржан салмын
Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
Байлыққа, мансапқа да құмар емен
Өзім сал, өзім сылқым, неге зармын
Жасым бар жиырмада жасырмаймын
Басымнан дұшпан сөзін асырмаймын
Басымнан дұшпан сөзі асып кетсе
Сен түгіл басқаға да бас ұрмаймын

 

Сөзі: Біржан

Әні: Біржан

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: