Көңілім сүйген таңдаулы бір бидайым,
Шырқап әнге салайын келсе ыңғайым, ай.
Бір бидай, ұнай ма-ай,
Әнім-ай, жаным-ай!
Тудың бөлек анаңнан сонша жақсы,
Ойпан жерге сен біткен жаңа қайың.
Бір бидай, ұнай ма-ай,
Әнім-ай, жаным-ай!
Мен өлеңге салғанда тыңдарлықтай,
Ықыласпен бір бидай, бар ма жайың?
Бір бидай, ұнай ма-ай,
Әнім-ай, жаным-ай!
Көңіл қойып тыңдасаң өлеңімді,
Түрлендіріп ағызам әннің майын.
Бір бидай, ұнай ма-ай,
Әнім-ай, жаным-ай!
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: