Бір тілек (текст)

Жырым бар сусындаған мың бұлақтан,
Сырым бар шындығыма куә қылар.
Жұлдыз бар көңілімде жымың қаққан,
Жанымда ару күннің шуағы бар.

Басыма қонды бүгін бақ-құт менің,
Бұл ғашық жүрегімде жасын от бар.
Біткенше ең ақырғы ақтық демім,
Бір сүйсем құлай сүйер қасиет бар.

Аспанға қалықтайды әнім өктем,
Арманым адал, асқақ, әділ сөзім.
Сен менің дүниемді танып өт тек,
Мен саған сыйлап өтем бәрін соның.

 

Сөзі: Төлеген Мұқаев

Әні: Асан Мұқаев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: