Ән салсаң, өзімдей сал баяулатып,
Қалқаның құлағына таяулатып,
Тұсынан аулыңның ән салғанда,
Шыдайды дәтің қалай ояу жатып.
Бұлбұлым,
Мың күніме татиды
Осы отырған бір күнім.
Өлеңді айта алмайды арындаған,
Мақтамас өзін-өзі дарынды адам.
Дос болмас бірін-бірі кешірмеген,
Бір-бірін туыс болмас сағынбаған.
Бұлбұлым,
Мың күніме татиды
Осы отырған бір күнім.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: