Сірне татыр сілекейің шөлдегенде,
Көздің жасы көл болар еңірегенде.
Күндіз күлкі көрмеймін түнде ұйқы,
Ішкен асым батпайды сен дегенде.
Бұлбұл құсым-ай,
Болса болсын-ай,
Дей салшы құрбың үшін-ай.
Жылқы айдаймын көшкенде жиренменен,
Жотадағы қаражол иреңдеген.
Бәлен қызық дегеннің бәрі жалған-ай,
Ең қызығы өмірдің сүйгенменен.
Бұлбұл құсым-ай,
Болса болсын-ай,
Дей салшы құрбың үшін-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: