Бұлбұл құсым-ай (текст)

Бабасына, ау, ендеше, бабасына, ау,
Бал құйыпты-ау атан мес, сабасына-ау.
Досым емес, ау, дұшпаным, оу, толып отыр-ай,
Қалдырмаған-ау дұшпанның табасына-ау.

Бұлбұл құсым-ай,
“Болса, болсын-ай”,
Дей салшы құрбың үшін-ай.

Жасыл алма, ай, ендеше, ай жасыл алма-ай,
Жақсы сырын-ай жақсыдан жасырар ма-ай.
Мына сөзің-ай шын болса, ай, жан жолдасым, ай,
Жақсы тұрып-ай жаманды қасына алма-ай.

Ойхой, бөпем-ай,
Ойқастамай-ай,
Жөніңе келсең екен-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: