Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек (текст)

Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек,
Бұған – ұйқасты өлең, сөз керек,
Өзіне орайлы.
Денең – жан нұрлы болса жөнделмек,
Өлең – әнге өлшеп айтса өңделмек,
Ұйқасқа қолайлы.

Ән өлшеуіш, өлең күміс,
Қоспаңыз мыс аралас.
Артық елу, не кем салу,
Әрпі қалу жарамас.

Ауыр, – осы әнге тұщы сөз салмақ,
Тәуір, – татымды ұйқас жиналмақ,
Тереңнен толғанып.
Сырын бұл әннің айтып қарайын,
Түрін, – сипаттап тізіп санайын,
Өлең тап ойланып!

Буыны сегіз, алтауы егіз,
Үш ем деңіз, екеуі,
Кім дәл басты, кілтін ашты,
Жақсы ұйқасты нешеуі?

 

Сөзі: Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: