Бөбегім (текст)

Жаутаңдайды жанарың,
Жаным бөпем, жан балам.
Мен елжіреп барамын,
Сенің даусың ән маған.

Әлди, әлди, бөбегім,
Айналайын, бөбегім.

Жүзіңдегі ақ шуақ,
Кеудемдегі самалы.
Шырылдамай түндерде
Ұйықтап алшы, бөбегім.

Әлди, әлди, бөбегім,
Айналайын, бөбегім.

 

Сөзі: М. Мақатаев

Әні: Қ. Сәтиев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: