Гауһар қыз, Жаяу Мұсаның, (текст)

Қарағым, айналайын асыл туған,
Сорлы әкең жаяу жүріп, закон қуған,
Мұсамен қағаздасып жүргенімде,
Салықжан айналайын сонда туған.

Қайырмасы:
Уа, әлдижан, әлдижан,
Көңілім сүйген Хұснижан.
Ахау, ой Гауһар қыз,
Алма мойын, қоңыр қазым.

Ішуге Омбы барып шай таппадым,
Қайтейін, қайран жүрек, жай таппадың.
Жұлдызға аспандағы қол созам деп,
Торыдай жауыр болған. қайқақтадым.

Қайырмасы.