Гауһар қыз (текст)

Той базар, таулай базар тойлай келдім,
Қолға алып алтын сақа ойнай келдім-ай.
Бұл тойда тамырым да танысым жоқ,
Өзіңмен айтыссам деп ойлап келдім.

Әсем көмей бұлбұл-ай,
Ән еркесі дүлдүл-ай.
Ахау Гауһар қыз,
Алма мойын қоңырқаз-ай.

Мен өзім той боларын біліп келдім,
Сары атан ырғай мойын мініп келдім-ай.
Думанды ұлан-асыр той болсын деп,
Боз-бала, қыз-келіншек жиып келдім.

Әсем көмей бұлбұл-ай,
Ән еркесі дүлдүл-ай.
Ахау Гауһар қыз,
Алма мойын қоңырқаз-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: