Жақсылық, ау, табылмайтын бір ғанимәт,
Сай тұрған, ау, уақытында сыр мен сымбат.
Ғажайып, ау, жүрген жерің сайран қылған,
Жігіт сол, ау, райхан гүл көңілге шат.
Гек-кой, ге-ге-ге-ге, гек-кой ге-ге-ге-гей.
Домбыра, ау, шекті алдым қолға,
Қайтпаған, ау, бетім менің жүрген жолда.
Кетелік, ау, жас уақытта күліп-ойнап,
Кәрілік, ау, кез боламыз жайған торға.
Гек-кой, ге-ге-ге-ге, гек-кой ге-ге-ге-гей.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: