Гүлдариға (2-нұсқа) (текст)

Басында асқар шыңның бір топ шынар,
Ақ сұңқар баласына болдым құмар.
Гүлдариға-ай.
Есімнен жатсам, тұсрам бір кетпейсің,
Дариға-ай, ынтық көңілім қайтсем тынар.
Гүлдариға-ай.

Аха-ау,
Гүлдерайым,
Күн мен Айым,
Дариға-ай,
Арманым көп, неғылайын,
Гүлдариаға-ай.

Сүрлеудің қарай-қарай саласына,
Сұңқардың болдым ғашық баласына, Гүлдариға-ай.
Көңілді дуалаған, қимас қалқам,
Тағдырдың душар қылма наласына, Гүлдариға-ай.

Аха-ау,
Гүлдерайым,
Күн мен Айым,
Дариға-ай,
Арманым көп, неғылайын,
Гүлдариаға-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: