Ақ көңіл ағызайын әннің майын,
Жас дәурен шалқып жатқан айдындайын.
Астынан алты қырдың шыққан даусым,
Жетсе екен құлағына қалқатайдың.
Қайырмасы:
Ахау, Гүлдер-айым,
Күн мен айым.
Ұшарға қанатым жоқ
Не қылайын?!
Жаз шықты жадыратып майдың айын,
Әніне шырқай кетті Гүлдер-айым.
Шығады ащы даусым әнге бассам,
Қарағым, сені есіме алған сайын.
Қайырмасы:
Сөзі:
Әні:
Орындаушы: