Айт дегенде өлеңді дұрыс болмас,
Жақсы адамның көңілінде бұрыс болмас.
Бүгіл, бүгіл, гүл-гүл-ай,
Жаңа заман, жаңа жыл-ай,
Ендігісін өзің біл-ай.
Айт дегенде өлеңді айта берме,
Өлең шіркін біздерге ырыс болмас.
Бүгіл, бүгіл, гүл-гүл-ай,
Жаңа заман, жаңа жыл-ай,
Ендігісін өзің біл-ай.
Біздің ауыл жоғары Сыр болады,
Көп тағылса қалампыр кір болады.
Бүгіл, бүгіл, гүл-гүл-ай,
Жаңа заман, жаңа жыл-ай,
Ендігісін өзің біл-ай.
Тіршілікте жүрейік сіз-біз десіп,
Дәурен екі болмайды, бір болады.
Бүгіл, бүгіл, гүл-гүл-ай,
Жаңа заман, жаңа жыл-ай,
Ендігісін өзің біл-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: