Гүл (текст)

Қызыл гүлдер қырмызы
Желге бетін бұрғандай
Бейне сұлу қыр қызы
Қолын бұлғап тұрғандай
Хош иісті қызғалдақ
Арманысың талайдың
Өзім сүйген қызға арнап
Шашына гүл тағайын
Ғашықтардың үкімін
Жанарынан сездің бе?
Жүректердің лүпілін
Жеткізуші өзің бе?
Хош иісті қызғалдақ
Арманысың талайдың
Өзім сүйген қызға арнап
Шашына гүл тағайын
Алғашқы адал махаббат
Белгісіндей қызыл гүл
Сені сүймеу — маған жат
Саған айтар сырым бұл
Хош иісті қызғалдақ
Арманысың талайдың
Өзім сүйген қызға арнап
Шашына гүл тағайын.

 

Сөзі: Т.Рахимов

Әні: Т.Рахимов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: