Күн ашық, жым-жырт дала, әуе тынық,
Жымиып күн қарап тұр көктен күліп.
Сүзілген сұр пердедей бұлдыр сағым,
Біресе толқынданад, бірде тынып.
Бір ағашта бүлдірген,
Қыз бен жігіт бір жүрген,
Оймақ ауыз, күлім көз,
Ішімді оттай күйдірген.
Бау ағаш мынау қалың сыңсып біткен,
Қойнында әнші құстар күй гулеткен.
Аңқыған исі әдемі түрлі гүлдер
Иіліп қарсы алдыңа тәжім еткен.
Бір ағашта бүлдірген,
Қыз бен жігіт бір жүрген,
Оймақ ауыз, күлім көз,
Ішімді оттай күйдірген.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: